Корпебаева Марзия Ескеновна 

Математика пәні мұғалімі

 

103 кабинет

 

 

1985 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Математика» мамандығы бойынша бітірді.

Педагогикалық еңбек өтілі  33 жыл.

 

 

            2013 жыл «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАЙ «ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші(базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы»;

             2016 жыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсы.

           Марзия Ескеновнаның  жетістіктері төмендегідей:

            2015 жылы НМЦ «ZIAT» Астана қаласы  «Менің үздік презентациялық сабағым ІҮ республикалық мұғалімдер байқауынан» диплом І орын, Облыстық мұғалімдер байқауы «Тізбектелген сабақтар топтамасының ең үздік орта мерзімді жоспары» диплом ІІІ орын, материал  «Тізбектелген сабақтар топтамасының ең үздік орта мерзімді  жоспары» әдістемелік жинағына енгізілді.

            2015 -2016 оқу жылында «Педагогикалық ой» Республикалық ғылыми –практикалық журналының  № 6-(016) санында   «Қысқаша көбейту формулалары» атты материалы жарияланды.

            2017 жылы Қазақстан Педагоктарының Ассоцияциясының «Педагогика саласының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және құрмет грамотасымен марапатталды.

            2017 жылы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың (1922-1944) туғанына 95 жыл толуына орай «Жауынгерлік рух және сұрапыл жылдар жаңғырығы» атты Республикалық on-line ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына мақаласын жариялап, білім саласының дамуына үлес қосқаны үшін диплом;

             -«Педагогикалық технологиялар және білім беру үдерісіндегі тың жаңалықтарды игерудің әдістемесі» атты Республикалық  ғылыми тәжірибелік  конференциясының өтуіне белсенді түрде ат салысып, ғылыми материалдар жинағына үздік ғылыми әдістемелік еңбек жариялағаны үшін диплом;

            - «Үздік ашық сабақ» атты халықаралық дәрежеде өткізілген республикалық шығармашылық конкурсынан  І  дәрежелі диплом;

            -Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылыры арасында «Математика» пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиада жүлдегерлерін даярлағаны үшін Алғыс хатымен марапатталды.

            2016-2017 оқу жылында сертификатталған мектеп директорларының семинарында «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбында  сабақ беріп, өзінің іс-тәжірибесімен алмасты.

            2016-2017 оқу  жылында Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бала тәрбиесі мен мектептегі оқушылардың білім сапасын көтеруге қосқан үлесі үшін мадақтамамен марапатталып, мектеп директорының  бұйрығымен еңбек кітапшасына Алғыс жарияланды.

           2017-2018 оқу жылында «Педагогикалық саладағы жемісті жұмысы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқытудағы жоғары жетістіктері үшін» Өскемен қаласы әкімінің   мадақтамасымен марапатталды.

 

           Марзия Ескеновнаның оқушыларының жетістіктері төмендегідей:

2015 жылы 1 оқушысы (9-сынып) «Кенгуру» Халықаралық математикалық ойын сайысынан 1-орын, 2 оқушысы (8-сынып) 3- орын, 1 оқушысы (9-сынып) облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсынан 3-орын, 2016 жылы 2 оқушысы (9 сынып) облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» конкурсынан 3-орын, 3 оқушысы (5 сынып) «Кенгуру-барлығы үшін» Халықаралық интеллектуалдық сайысынан 3-орын, 2017 жылы 1 оқушысы «Математика» пәнінен 11 сынып оқушыларының арасында өткізілген Облыстық олимпиададан 3- орын. 2017 жылы 4 оқушысы облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсынан 3- орын, 2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Математика пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадан 5 оқушысы (5 сыныптан 2, 6 сыныптан 2, 10 сыныптан 1) І дәрежелі Диплом, 4 оқушысы (5 сыныптан 1, 6 сыныптан 2, 10 сыныптан 1) ІІ дәрежелі Диплом, 4 оқушысы (5 сыныптан 2, 6 сыныптан 1, 10 сыныптан 1) ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. 2017 жылы 14 оқушысы (5 сыныптан 9, 6 сыныптан 5) «Кенгуру-математика барлығы үшін» республикалық интеллектуалдық сайысына қатысып сертификат иегері атанды.