Исмаилова Алма Бляловна

Математика пәні мұғалімі

 

103 кабинет

 

Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі ШҚМУ) физика-математика факультетін 1983 жылы «математика» мамандығы бойынша бітірді.

Педагогикалық еңбек өтілі – 35 жыл.

 

 

                Алма Бляловна 2013-2016 жылдар аралығында мектепте математика, информатика және физика пәндері бойынша әдістемелік комиссия жетекшісі, математика пәні бойынша қалалық шығармашылық топтың құрамында болып, 2014-2015 оқу жылы математика, физика және экономика пәндері бойынша қалалық мұғалімдерді аттестаттау эксперттік топтың мүшесі, 2015 жылы қалалық «Зерде» оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын іріктеу кезеңінің әділқазылар құрамында  болды. 2015 және 2016 жылдары негізгі мектеп курсы бойынша қалалық үздік аттестатқа үміткер 9 сынып оқушыларының емтихан жұмыстарын тексеру комиссиясының мүшесі ретінде жұмыс жасады.

 

                Мұғалім үнемі кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Соңғы жылдары кәсіби шеберлігін арттырып, қайта даярлаудан өткен курстары:

-                     «PISA халықаралық зерттеулерін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», ҚРБҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, 2015ж.

-                     «Заманауи кезеңде педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016ж.

-                     «Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру арқылы оқушы субъектілігін дамыту», ҚРБҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, 2017ж.

-                     ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы, Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қ. филиалы, 2018ж.

  

                  Алма Бляловнаның оқушыларының жетістіктері төмендегідей: 2013 жылы 1 оқушысы (5-сынып) Өскемен қазақ-түрік лицейінің 20 жылдығына орай өткізілген облыстық «Сәйгүлік» логика-математикалық олимпиадасында 3-орын, 1 оқушысы (10-сынып) қалалық ғылыми оқуда 2-орын, 2 оқушысы (5,9-сыныптар) облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсынан 2-орын, 11 оқушысы (8,9-сыныптар) 3-орын,  2014 жылы 1 оқушысы (5-сынып) республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонынан 3-орын, 1 оқушысы (5-сынып) облыстық «Асыл тас» интеллектуалдық конкурсынан 1-орын, 2 оқушысы (5-сынып) 3-орын, 2015 жылы 1 оқушысы облыстық «Малахит» интеллектуалдық конкурсынан 2-орын, 2016 жылы 1 оқушысы (6-сынып), 4 оқушысы (10-сынып) математика пәні бойынша қашықтықтан өткізілетін республикалық олимпиадада (КИО) сертификат иегері атанып, 1 оқушысы (10-сынып) ІІ турға өтіп, жоғары нәтиже көрсетті.  2 оқушысы (5-сынып) облыстық «Малахит» интеллектуалдық конкурсынан 3-орын, республикалық «Кенгуру-математика барлығы үшін» интеллектуалдық конкурсынан 2 оқушысы (5 сынып) 2-орын, 2 оқушысы (5-6 сынып) 3-орын, республикалық «Ақ бота-2016» интеллектуалдық марафонынан 1 оқушысы (9 сынып) 3-орын алып грамота мен дипломдармен марапатталды. 2016 жылы 1 оқушысы (11 сынып) қалалық оқушылардың ғылыми жобалар сайысынан 1-орын, 2016-2017 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде математика секциясы бойынша 2-орын алып, дипломмен және арнайы сертификатпен марапатталып, Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механикадан және математикадан зерттеу жұмыстарының VII Халықаралық конкурсына қатысты. 2017 жылы 1 оқушысы (11 сынып) С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен «Математика» пәнінен 11-сынып оқушыларының арасында өткізілген облыстық олимпиадада 3-орын алып, грамотамен марапатталды.

 

                  Педагогтың баспасөз материалдарында мынадай еңбектері жарық көрді: «PISA бағдарламасының талаптарына сәйкес математика пәні бойынша оқу бағдарламасының тапсырмаларының мазмұнын іріктеу» тақырыбындағы жұмысы 2015 жылы 11 наурыз  облыстық конференция мақалаларының жинағына кірді. «Функцияның өсу және кему белгілері» тақырыбындағы материалы республикалық «Педагогикалық ой» журналының 2016 жылғы №8-(018) санында жарияланғаны туралы сертификат иегері болып, республика көлемінде педагогикалық іс-тәжірибесі таратылды. 11 сынып математика пәні мұғалімдеріне көмек ретінде 2016-2017 оқу жылы Өскемен қалалық білім беру бөлімінің координациялық-эксперттік кеңесінде бекітілген «Негізгі орта және орталау мектеп курсы бойынша математикадан емтихан жұмысының жазылу талаптары мен бағалау критерийлері туралы методикалық ұсыныстар» атты әдістемелік құралын құрастырушы авторлардың құрамына енді. 2017 жылы 6 қаңтарында өткен қалалық семинарда «Математика пәнінен қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ның жаңа форматына дайындау» тақырыбы бойынша өз іс-тәжірибесімен алмасты.

 

               Осындай жоғары деңгейдегі жұмыстары мен шығармашылығының нәтижесінде 2012 жылы Риддер қалалық «Жаңашыл сабақ-2012» сайысында ІІ орын алып, облыстық кезеңіне қатысты. 2012 жылы Риддер қалалық білім бөлімі Алғыс хатымен, 2013 жылы Риддер қалалық білім бөлімі Мадақтама грамотасымен,  2013 жылы «Үздік мұғалім» мадақтамасымен, 2014 жылы математика пәні бойынша мұғалімдердің қашықтықтан өткізілетін республикалық (КИО) олимпиадаға қатысып, Сертификат (№392710) иегері атанды. 2016 жылы математика және физика пәні мұғалімдерінің қалалық шығармашылық байқауында 2-орын иеленгені үшін Өскемен қаласы білім беру бөлімінің Мадақтама грамотасымен марапатталып, математика пәні мұғалімдерінің IV Республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Сертификатының иегері болды.

         2016 жылы «Заманауи кезеңде педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері» тақырыбындағы халықаралық on-line конференциясына, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы. Қазіргі заманғы көзқарас» атты облыстық семинарға қатысып, арнайы Сертификаттарға ие болды. 2017 жылы 22 ақпанда «Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру арқылы оқушы субъектілігін дамыту» атты облыстық семинарға қатысып, куәлікке (№003877) ие болды.

          2017 жылы кәсіби шеберлігі мен педагогикалық таланты және табысты оқушы тәрбиелегені үшін Өскемен қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

         2018 жылы білім беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі, жас ұрпақты тәрбиелеуде қол жеткізген табыстары үшін қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының грамотасымен марапатталды.