Акбидаева Жанар Токтарбековна
Бастауыш сынып мұғалімі
1992 жылы Өскемен қаласының «СССР-дің 50 жылдығы атындағы педагогикалық училище» «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шыққан.
1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және психология факультетін бітіріп, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шыққан.
2008жылы Өскемен қаласы ҚАЕУ «Қазақ тілі мен әдебиеті»пәні мұғалімі мамандығын тәмәмдады.
Педагогикалық еңбек өтілі 26 жыл.
Біліктілікті арттыру курстары:
ü Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынща педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы; (2017 ж)
ü Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Бейнелеу өнері» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы; (2016 ж)
ü Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру курсын; (2017ж)
ü «Электронное правительство и электронные услуги» семинар курсы (2011 ж)
ü Акбидаева Жанар Токтарбековна- жоғары біліктілік дәрежелі,екіншісанатты бастауыш сынып мұғалімінің талаптарына сай. «Тіл сабақтарында тиімді сұрақтар қою арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту» атты өзекті тақырыбымен жұмыс істейді.Сабақ беру үрдісінде жаңа заман талабына сай ақпараттық технология түрлерін тиімді қолданады. Өз пәнінің теориялық мазмұны мен жаңа форматтағы мұғалімге қойылатын талаптарды терең түсініп,өз жұмысында нәтижелі пайдаланады. Түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың жаңаша түрлерін: ұжымдық оқыту, пікірталас, интерактивті оқыту және оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру сияқты жаңашыл әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданады.
ü Жанар Токтарбековнаның2016 жылы халықаралық дәрежеде ғылыми әдістемелік және педагогикалық «Педагогикалық идея» журналында мақаласы жарық көріп, республика көлемінде іс-тәжірибесі таратылды. Сонымен қатар, «ПОНИ» Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны Алғыс хатпен марапатталды. Педагог шығармашыл ұстаз ретінде өзін әр қилы жағынан көрсете білді.2015 жылы мектепішілік ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қазіргі заман талабына сай ұшқыр, ойлы, шығармашыл шәкірт тәрбиелеуге үлесін қосты.Шығармашыл шәкірттер«Балдәурен-2015» мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагерінде ұйымдастыру іс-шараларында аса белсенділігімен және ерекше шығармашылығымен үлгілі жетекші бола білді.
ü Педагогтың баспасөз материалдарында төмендегідей еңбектері жарық көрді: 2015 жылы «Мереке» ( №11 (90) ғылыми-әдістемелік газетке ұстаздың сабақта қолданған оқырман күнделіктерінен үзінді жарияланды.«Рудный Алтай»газетіне ұстаздың сабағына қатысқан ата –аналар атынан жарияланған «Что ни урок, то мини- спектакль » атты мақалада шеберлігі жайлы айтылды (Авторы Қабдыл қайыр). 2015,2016 жылдары «Мектеп оқушылары арасында кітап пен кітап оқуды насихаттау жұмыстарын жүргізуде кітапханамен жемісті серіктестікте жұмыс жасаған үшін» және кітапханада өткізілген мәдени іс-шараларға белсене қатысқаны үшін А.С Пушкин атындағы ШҚО кітапхана директорының Алғыс хаттарымен марапатталған.
ü Сондай-ақ, 2014 жылғы облыстық «Новогоднее волшебство» сайысында 1 оқушысы 3 орын, 2015жылы «Жас зерттеуші» ғылыми жобасында1 оқушысы 4 орынды иеленді.2016 жылы облыстық«Ұшқыр ой, өткір тіл,дүниені танып біл!» атты сайысқа қатысып, 1 орынды иеленді. 2016 жылы қалалық бастауыш арасындағы пәндік олимпиада шәкірті 1 орынды иеленді 2015,2016 жылдары «Мектеп оқушылары арасында кітап пен кітап оқуды насихаттау жұмыстарын жүргізуде кітапханамен жемісті серіктестікте жұмыс жасаған үшін», кітапханада өткізілген мәдени іс-шараларға белсене қатысқаны үшін А.С Пушкин атындағы ШҚО кітапхана директорының Алғыс хаттарымен марапатталған.
ü Педагогтың сабақ беретін сыныбының білім сапасы төмендегідей: 2014-2015 оқу жылында 72%, 2015-2016 оқу жылында - 75%, ал 2016-2017 оқу жылында - 76%, 2017-2018 оқу жылында- 79% білім сапасының көрсеткішін беріп отыр.
ü Жаңа инновациялық технология түрлерін әсіресе АКТ түрлерін оқу-тәрбие үрдісінде тиімді түрде қолданады. Оқушыларды жаңа өмірге терең біліммен қаруландырып,жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеп шығаруда аянбай еңбек етуде.Өз ісінің нағыз шебері,шығармашыл да ізденімпаз, еңбекқор ұстаз Жанар Токтарбековна әріптестері, шәкірттері, ата-аналары арасында беделі жоғары,сыйлы. Әрқашан жаңалыққа жаны құмар болып жүреді.
ü Акбидаева Жанар Токтарбековна «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының белсенді мүшесі.