Мұхышбеков Мерей Мұхтарханұлы

Математика пәні мұғалімі

205 Кабинет

2006 жылы Өскемен Сәрсен Аманжолов атындағы университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірді.

Педагогикалық еңбек өтілі 9 жыл.

 

 

 

 

2015 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО «TIMSS халықаралық зерттеуі аясында 8 сынып оқушыларының математикалық функционалдық сауаттылығын дамыту» курсы

2017 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Математика» пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсы

2018 Bilim Media Group «Bilimland ресурстарын және Microsoft білім беру құралдарын оқыту процесінде қолдану әдістемесі» тақырынбындағы тренинг

 

                        Мерей Мухтарханұлының  жетістіктері төмендегідей:

2014 жылы республикалық қашықтықтан өткізілетін КИО олимпиадасына қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. 

2014 Қалалық жас техниктер станциясы ұйымдастырған «Темірқазық» зияткерлік-танымдық ойынында (5-сынып) оқушылар  тобы 1 орын

2015 жылы «Ең үздік портфолио» қалалық байқауына белсенді қатысқаны үшін сертификатпен,

2014 жылы жоғары кәсібилігі, білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі зор үлесі үшін Өскемен қалалық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды.

2014 жылы «Инфоурок» жобасы аясында білім беру жүйесінде халықаралық олимпиадасына жүлдегер оқушыларды сапалы даярлағаны үшін куәлік беріліп, алғыс жарияланды.

2016 жылы мектеп директорының  бұйрығымен еңбек кітапшасына жоғары кәсіби біліктілігі үшін Алғыс жарияланып, мадақтама грамоталармен,

2015 жылы ҚР Президентін кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуге және Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен,

2017 жылы 8-11 сынып оқушылары арасында өткен қалалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі оқушы дайындағаны үшін Өскемен қалалық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды. 

                     Педагогтың баспасөз материалдарында мынадай еңбектері жарық көрді: «Педагогикалық ой» атты республикалық журналдың 2014 жылғы №3(03) санында «Күрделі тригонометриялық теңдеулерді шешу» атты мақаласы

 2014 жылдың қараша айында «Аймақтанудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжрибелік конференция материалдарында «Аймақтанудың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеудің жолдары мен әдістері» атты мақаласы жарияланды.

2014-2015 оқу жылында ШҚО БАИ-да облыстық мұғалімдер арасында Мерей Мухтарханұлы математика пәнінен 10-сыныптарға арналған бағдарлық курс жинағы бойынша іс-тәжірибе алмасты.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің  «Жастар шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың IV Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары атты жинаққа 12, 13 сәуір 2018 жылы IV бөлімінде  «BLACK OIL моделі негізінде кеуектік ортада көп фазалы сұйықтықтардың қозғалысын математикалық үлгілеу» тақырыбында конференцияда баяндама жасалып, мақаласы жарияланды.

               Оқушыларының жетістіктері төмендегідей:

2014 жылы 2 оқушысы (5-сынып) «Малахит» облыстық интеллектуалдық конкурсынан 2-орын, 2 оқушысы (5-сынып) 3-орын алды. 2014 жылы 2 оқушысы (5-сынып) «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсынан 2-орын, 2 оқушысы (5-сынып) 3-орын алды. Қалалық жас техниктер станциясы ұйымдастырған «Темірқазық» зияткерлік-танымдық ойынында (5-сынып) оқушылар  тобы 1 орын, 2014 жылы 1 оқушысы (5-сынып) «Хабар» агенттігі ұйымдастырған оқушыларға арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қатысқаны үшін сертификат иегері атанды. 1 оқушысы (7-сынып) «Зерде-2015» қалалық ғылыми жобалар байқауында математика және информатика секциясынан 2-орын, 2016 жылы 1 оқушысы (7-сынып) «Жас математик» облыстық олимпиадасынан 2-орын, 2 оқушысы (8-сынып)   сертификат иегері атанды. 2017 жылы 1 оқушысы (8-сынып) қалалық пәндік олимпиададан математика  пәнінен 3-орын алып, грамота мен дипломдармен марапатталды. Халықаралық «Инфоурок» қашықтық олимпиадасынан 11 оқушысы 2-орын алып дипломдармен марапатталды. 2017 жылы 1 оқушысы 8-11сынып оқушылары арасында өткен қалалық ғылыми жобалар байқауында математика секциясынан 2-орын алып грамотамен марапатталды.