Есенбаева Шолпан Закарияновна

Тарих пәні мұғалімі

 

203 кабинет

 

1994 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік унитверситетінің  «Тарих» мамандығы бойынша бітіріп, тарих, қоғамтану және мемлекет негіздері мен құқық пәнінің мұғалімі квалификациясы берілді.

Педагогикалық еңбек өтілі  28 жыл.

 

 

          2015 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты өткізген «Дінтану негіздері  курсын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық аспектілері» курсын аяқтады.

         2016 жылы«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген, Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша 464 академиялық сағат көлемінде бірінші (ілгері) деңгейлік бағдарламасы бойынша, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.

         2018 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты өткізген «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» курсын аяқтады.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынын тыңдаушыларының арасында өз тәжірибесімен бөлісіп дәрістер береді.

Астана қаласы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ҰБТ отралығының 2013 жылдан бері тест тапсырмаларының әзірлемешісі және сарапшысы болып табылады және тест тапсырмаларын жутілдіруге үлкен үлесін қосқаны аталып өткен. Қалалық мұғалімдерді аттестаттаудан өткізетін сарапшы және пәндік шығамашылық топтарының мүшесі.

  

            Шолпан Закарияновнаның  жетістіктері төмендегідей:  

Облыстық  мәдениеттанудан өткізілген олимпиадада 1 орын алған оқушыны дайындағаны үшін; «Жыл мәдениеттанушысы» номинациясы жеңімпазын дайындағаны үшін;

«Жаңа ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеуден инновацияға дейін» атты Ш-ші халықаралық жас ғалымдар форумына үздік презентацияны ұсынғаны үшін;

Mұражайлар байқауына қатысып жүлделі орын алғаны үшін;

«Ұлы жеңіске 70 жыл қашықтық жоба» жеңімпазын дайындағаны үшін;

Л.Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университеті   1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жылдығына арналған  «Тарихи тұлғалар», «А.Иманов» ғылыми-жобалар байқауына қашықтықтан қатысқаны үшін;

11 сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәнінен өткен қалалық олимпиадада 1 орын алған оқушыны дайындағаны үшін;

ШҚМУ «Халықаралық қатынастар»-5В0220200 мамандығы бойынша оқушым 1 орын және 2017-2018 оқу жылына грантқа ие болған оқушыны дайындағаны үшін Алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.  

     

Педагогтың баспасөз материалдарында мынадай еңбектері жарық көрді:

«Педагогика жаршысы» атты республикалық әдістемелік журналдың 2016 жылғы №12 санында «Антропология» атты мақаласы;

Ш.Құдайбергенов ат. Университеттің «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл» жинағында «Орайшап»;

Л.Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университетінің   1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арнаған  «Тарихи тұлғалар» ғылыми-жобалар байқауының жинағында «А.Иманов» деген мақалалары  шықты;

2017-2018 оқу жылында «Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеугеи өосқан үлесі үшін» Өскемен қаласы мұғалімдерінің кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен марапатталды,Астана қ., ҚГЗУ, ШҚМУ-дың Алғыс хаттарын алды.

2017-2018 оқу жылында «Ә.Марғұлан» атындағы Қазақстан тарихы пәні мүғалімдері арасында өткен республикалық олимпиадада  ІІ-орын.